Қырғызстан Ресейдің орнына жаңа инвесторлар іздестіреді

31 просмотров

2016 жылдың 8 тамызында «Қамбарата-1» және Жоғарғы Нарын каскады ГЭС-ның құрылысына қатысты Ресеймен арадағы үкіметаралық келісімнің күшін жою мерзімі аяқталды. Бұл туралы Қырғызстанның экономика министрлігі хабарлады.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған жобаларды жүзеге асыру үшін, Қырғызстан жаңа инвесторларды өз бетімен іздеуге кіріседі.

Еске салсақ, 2016 жылы қаңтардың басында Қырғызстан «Қамбарата-1» және Жоғарғы Нарын каскады ГЭС-і жөніндегі Ресеймен арадағы келісімнің күшін жойды.

Бұны қырғыз үкіметі Ресейдің дағдарыс салдарынан жақын уақытта Қырғызстанда ГЭС сала алмайтындығымен түсіндірді.

Загрузка...