Қырғызстан парламентіне референдум жөніндегі заң жобасы түсті

34 просмотров

Қырғызстанда 2016 жылдың 4 желтоқсанында Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдум өткізу жөніндегі заң жобасы түсті, деп хабарлайды парламент аппаратының басшысы Абдыманап Кутушев.

Оның сөздерінше, заң жобасын талқылау барысында референдумды өткізу уақыты өзгеруі мүмкін.

Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі бастаманы Жогорку Кенештегі алты фракцияның бесеуі қолдады. Олар – Қырғызстанның Социал демократиялық партиясы, «Республика – Ата-Жұрт», «Қырғызстан», «Онугуу — Прогресс» және «Бір бол». Негізгі реформа үкімет өкілеттігін кеңейту мен сот реформасын жеделдетуге арналған.

Алайда Қырғызстандағы бірқатар оппозициялық саясаткер референдум өткізуге қарсы. 13 қыркүйекте құрылған «Референдумға – жоқ!» қозғалысынының қатысуышлары Конституцияны өзгертуге қарсы және парламентті таратуға дауыс жинауға бастама көтерді. Қозғалыс 2016 жылдың 8 қазанында Бішкекте халық құрылтайын өткізуге ниетті.

670e58fb-e549-4a67-9345-a5eb3a9a27de_w987_r1_s

 

Загрузка...