Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қырғыздың қанын қайнатқандар — қазақтардан Жириновскийге дейін

Снимок экрана от 2016-05-26 15:58:34

Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары Мәскеуде әжетхананың еденін жуып жүрген қырғыз қыздарын мысалға келтіргені үшін бастығының орнына кешірім сұраса да, қырғыз қоғамындағы дүрбелең әлі басылмай отыр. Енді қырғыз қауымы

өзара әңгімеде қырғыздарды қатты кемсіткен қазақ ақындарының қылығын да еске алып отыр.

Басылымның жазуынша, қырғыздың айтулы айтыс ақыны Аалы Туткучев 2011 жылы қазақ ақындарының өзара әңгімеде қырғыздарды масқаралап, кемсітіп отырған сөздерін түсініп қойған. Ол кезде қазақ ақындары қырғыздарға «душман» деп тіл тигізіп, қырғыздардың бір әйелдің етегіне жармасып жүретінін мысқылдаған екен.

Қырғыз халқының қытығына тиген қазақтарды тізбектеп шыққан шолушылар одан кейін 2013 жылы «Қырғызстан қарызы үшін Ресейге Ыстықкөлді берсін» деп дүңк еткізген ресейлік сайқымазақ саясаткер Владимир Жириновский мен 2015 жылдың желтоқсанында әлеуметтік желідегі парақшасында қырғыздың ұлттық тағамы — чучукті жылқының жыныс мүшесіне теңеген шетел азаматы Майкл Макфитті еске салады.

Ресейдегі ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский өзінің осы мәлімдемесі үшін 2013-жылы Қырғызстанда “персона нон грата” деп танылған. Мұндай шешімге Жогорку Кеңеш депутаттары дауыс берген еді.

Қырғызстандағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істеп жүрсе де, сол елдің ұлттық тағамын жылқының жыныс мүшесіне теңеген Майкл Макфит те «жазадан» құтылмады. Оны елдің тәртіп сақшылары әуежайдан ұстап алып, бірнеше күннен кейін Қырғызстанда рұқсатсыз жүргені үшін ел аумағынан шығарып жіберген.

Снимок экрана от 2016-05-26 15:58:40

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз