Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қырғыздың алтынын Қытай тасып жатыр

Талдыбұлақ кенінде 77 тонна алтын бар. Кәсіпорын 2006 жылы құрылған. Қытайлық “Цзыцзинь” компаниясы “Суберб Пасифик лимитед” арқылы 2011 жылы “Алтынкеннің” 60 пайыз үлесін сатып алды, қалған 40 пайызы мемлекеттік “Қырғызалтын” компаниясына тиесілі.

Қытайлық тарап алтын өндіретін фабриканы іске қосу үшін, жобаға 188 миллион юань инвестиция құюға уәде берген. Дегенмен компания онда концентратты шикі өңдеп, соның 1170 тоннасын Қытайға шығарған.

“Алтынкен” бас директорының орынбасары Вэн Яфен мұнда таза алтынды бөліп шығаруға мүмкіндік жоқ деп ақталған. Бұған дейін “Алтынкен” компаниясы ресми түрде 600 келі алтын өндірген. Кәсіпорын жыл аяғына дейін тағы 200 келі өндіреді деп жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз