Қырғыздар төлқұжаттағы ұлт туралы бағанды қалдыруды талап етті

37 просмотров

Қырғызстан Мемлекеттік тіркеу қызметінің Бішкектегі ғимараты маңында төлқұжаттағы ұлт туралы бағанды алып тастауға қарсы наразылық митингі өтіп жатыр.Оған жастар ұйымдарының, саяси партиялардың өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділері қатысты.

Қоғам белсендісі Әділ Турдукуловтың айтуынша, наразылық акциясына қатысушылар әуелі Шыңғыс Айтматов ескерткіші алдына жиналған, одан соң Мемлекеттік тіркеу қызметінің ғимаратына шерулетіп барған. Митингке шамамен 60 адам жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік тіркеу қызметі Қырғыз Республикасы азаматының жаңа төлқұжатының жобасын таныстырған еді. Құжат жобасында ұлт туралы баған жоқ. Бұл жағдай қоғамда қызу пікір-талас туғызды.

Кейбірі «бесінші бағанның» жоқтығын әдейі ұйымдастырылған арандатушылық деп есептесе, басқалары мұндай шешім ел бірлігін нығайту ниетінен туындаған болуы керек деп қабылдады.

Загрузка...