Қырғыз жерінен Өзбекстанға апаратын жасырын жерасты жолын қазған адам ұсталды

73 просмотров

Қырғызстанда Өзбекстанға апаратын жерасты жолын қазған адам ұсталды. Жерасты тоннелін экстремистер пайдаланған деген болжам бар.

Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.

«25 жастағы жігіт өз үйінен шұңқыр қазып, оны шекаралас Өзбекстан аумағына шығатын жерге дейін үңгіген. Осылайша жерасты жолы пайда болған. Ол жігітке сол жерасты жолын пайдаланып, көрші республикаға контрабанда тауарларын жеткізді деген айып тағылды», — делінген сот хабарламасында. Ұсталған азаматқа көші-қон заңнамаларын бұзып, кеден салықтарынан жалтарған деген айыптар қоса тағылды.

«Озодлик» өзбек шекарашылары 17-наурызда Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданына қарасты «Қырғыз-Қышлақ» ауылындағы үйден басталып, Өзбекстанның Ферғана облысы Алтыарық ауданының «Борбалық» ауылы тұрғынының ауласынан бірақ шығатын жерасты тоннелін анықтаған болатын.

Сол кезде өзбек шекарашылары қырғыз әріптестеріне жерасты жолының діни-экстремистік әдебиет, контрабандалық жүк және қару тасымалдау үшін қазылған болуы мүмкін деп хабарлаған еді.

Қырғызстан құқыққорғау құрылымдары тоннельдің шығар жолын жылдам тапқанымен, оны қазған азаматтың өзі ұсталмай, күдікті іздестіріле бастаған. Бұның алдында Өзбекстан тарапы заңсыз өткел арқылы Ферғана алқабына экстремистер өтіп кеткен болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.

Загрузка...