Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеудегі орталық клиникалық ауруханадан шығып, елге кетуге дайындалып жатыр деп мәлімдеді Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің баспасөз-атташесі Гүлбаршын Байымбетова.
Бұл туралы Азаттық хабарлады.
«Президент ем қабылдауды аяқтады. Оның жағдайы жақсы, тексеру нәтижелері де жақсы. Ол ауруханадан шықты», – деген Байымбетова. Оның сөзінше, Атамбаевтың Қырғызстанға нақты қай уақытта ұшып шығатыны белгісіз.