Қырғыз елінде ресейлік азаматтарды тонағандар ұсталды

33 просмотров

Қырғыз елінде ресейлік туристерді тонағандар ұсталды. Олар бұрынғы милиция қызметкерлері екен.

Бұл туралы Орталық Азия Жаңалықтары қызметі хабарлайды.

— Екеуі де бұрын милицияда істеген, олар қылмыс жасағаны үшін жұмыстан шығарылған. Қазіргі таңда ұсталғандар ішкі істер министрлігінің тергеу абақтысында отыр, — дейді жергілікті ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Милиция мәліметі бойынша, ұсталғандардың бірінің жасы 41-де, екіншісі – 47 жаста.

Біріншісі бұған дейін де шетел азаматтарын тонағаны үшін жұмыстан шығарылған, ал екіншісі басқа бір қылмысқа қатысы болғаны үшін қызметтен шеттетілген. Бақыт Сейітов бұл ақпараттың жай-жапсары қазір анықталып жатқанын айтты. Күдіктілерді сотқа дейін абақтыда ұстау-ұстамау мәселесі 9 шілдеге дейін шешіледі. Бұған дейін олардың суреттері мен аты-жөні жарияланбайды.

4 шілдеде Токмок қаласына жақын маңда милиция формасын кигендер Ресейдің Волгоград облысынан келген туристерді тонап кетті. Ребровтар отбасы мүгедек баланы емдеу үшін Ыстық көлге бара жатқан еді.

Айта кетерлік жайт, қазір Қырғыз елінде тоналған ресейлік туристерге қаражат жинау акциясы өтіп жатыр.

Загрузка...