Террорист-жанкешті «Мицубиси Делика» автокөлігімен Қытай елшілігінің батыс бетіндегі сыртқы қақпасын соғып, дипломатиялық өкілдіктің аумағына кіріп, көлікте орнатылған жарылғыш затты жарып жіберген. Нәтижесінде елшілік ғимараты айтарлықтай зардап шекті. Елшілікте бағбан болып жұмыс істейтін Қырғызстанның екі азаматы жарылыстан көз жұмды.
Тергеу ісі терактіге тапсырыс берген Сириядағы «Жабхат ән-Нусра» террористік ұйымына қосылған ұйғыр террористік тобы деп атады. Оның шабармандары «Жамаат Таухид ва жихад» халықаралық террористік ұйымының жетекшісі Абу Салоха (Сирожиддин Мұхтаров, 1971 жылы туған, Кашкар-Кыштак ауылы, Кара-Су ауданының тумасы, мемлекетаралық іздеу жарияланған) арқылы іс-қимылдар жасайды.
Қырғызстанның арнайы қызметі терактіні ұйымдастырған деген күдікпен бас адамның ұсталғанын, төртеуіне іздеу жарияланғанын айтады. Террорист-жанкештіге қатысты, ол 33 жаста, ұлты ұйғыр, Тәжікстанның төлқұжаты болған. Төлқұжат 1983 жылы туған Зоир Халиловтың атына берілген. Террористің өзі «Шығыс Түркістандағы ислам қозғалысы» ұйымының мүшесі болған деп нақтылайды арнайы қызмет.