Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қыдырәлі қайын жұртқа қызмет көрсетті (фото)

101

Жазғы уақыттағы демалыстарды пайдаланып жұлдызды жұп Қарақаттың төркініне қыдырып барыпты. Ал Қарақат болса өзінің инстаграм парақшасында мына суретті жүктеп, оның астына: «қайын жұртқа қызмет қылып отырған күйеубала» деп жазыпты.

Болмановтар отбасы Қарақаттың туған ауылына тегін бармаған. «Биыл асқар таудай әкеіміздің дүниеден озғанына 10 жыл. Соған орай ауылымызда құран оқытып, ас беріп, ағайын тумалармен қауышып, бір жасап қалдық» деген болатын бұдан бұрын Қарақаттың өзі.

Ал қайын жұртына елпілдеп қызмет көрсетіп жатқан күйеу баланың ісі әлеуметтік желідегі қауымның көңілінен шыққан сияқты. Жұлдызды жұптың жанкүйерлері бұған қатысты: «күйеубала Қазақстанға танымал азамат, алайда онысын бұлдап тұрған жоқ. Өте қарапайым» деген пікір білдіріпті. 

13874648_1084495508308160_1945507091_n

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз