Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

WhatsApp-та қауіпті кеңес жүр: Бүгін түнде қызыңыз газды ашып кетпесін!

167

e99f2528d377c8f3841af1a6d03fac3b

Ия, кішкентай қыздарға арналған осындай «ақыл-кеңес» барлық әлеуметтік желілерде жүр.

Біздің еліміз онсыз да соңғы бірнеше жыл бойы жасөспірімдер арасындағы суицид жөнінен әлем бойынша алғашқы ондықта келеді.

Психолог Нәйлә Тоқтарқызының айтуынша, ата-аналар баласының есі кіргенше оның Интернетте не көріп, не оқып отырғанын бақылап отыруы тиіс.

– Қазір бала түгілі ересектердің өзі әлеуметтік желілерге «тәуелді» болып қалған. Бала ғаламторда көп отырған сайын, ол виртуалды достары мен олардың ойларының жетегінде кетеді. Балаңыз бас алмай Интернетте екі сағаттан артық отырса, күйзеліске ұшырауы мүмкін. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің көп тіркелуінің негізгі себептерінің бірі осы, – дейді ол.

ҚР Бас прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес, елімізде

  • 2013 жылы – 250;
  • 2014 жылы – 189;
  • 2015 жылы – 201 жасөспірімдер суициді тіркелген.

«Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторының орынбасары, журналист Саят Қамшыгер қазақстандық ата-аналарға балаларының ұялы телефондарын, планшет, компьютерлерін үнемі тексеріп, олардың кімдермен сөйлесіп, хат жазысып жүргенін, не оқып, қандай ойын ойнап жүргендерін қадағалап отыруға кеңес береді:

– Бұл масқара ғой, мұндай хабарламаларды жазған, таратқан адамдарды тауып, қылмыстық, әкімшілік жазаға тарту керек. Меніңше, бүлдіршіндердің өмірін қиып, қоғамға үлкен апат әкелетін мұндай ессіздік әдейі, қасақана ұйымдастырылып отыруы мүмкін. Қазір өзі ата-аналардың көпшілігі кешке дейін жұмыста болады, кейде іссапарда, жиі-жиі қонақта болады. Сондай кездері көп балалар үйде қараусыз қалып, өз бетімен болады. Осындай сәттерде қараусыз қалған балалар ойына келгенін еш аңдамай жасай салуы мүмкін. Сондықтан, үйде ата-аналар балаларымен көбірек сөйлесіп, хабарламалардың бәріне сене бермеу керек екенін түсіндіріп, жамандықтардан аулақ жүруі керек екенін үнемі ескертіп жүру дұрыс, – дейді журналист.

zdorovyj-son-podrostka

Ләззат Билан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз