Компартияның құрметті хатшысы Владислав Косарев Жер комиссиясының кеңесінде мораторий мерзімінің ұзартылуын қолдап, комиссия жұмысы үшін біраз уақыт үзілістің қажет екенін айтып өтті.
Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.
«Мен халық пен үкіметтің бір орындыққа отырып, келіссөз жүргізгенін және тиімді жұмыстар атқарылғанын бірінші рет көріп отырмын. Нәтиже жемісті болды деп ойлаймын. Дегенмен, бір сәтте осы мәселелерді шешіп тастай алмаймыз. Комиссия жұмысына үзіліс керек. Осы уақыт ішінде біз заң шығару базасын, қорын ретке келтіруіміз қажет. Сонымен қатар, жекелеген мәселелерді талқылау үшін Комиссияның үштен бірін қайта шақыртуға болады», – дейді В.Косарев.