Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Вице-премьер: Мал дәрігерлерінің жалған анықтама беруі – қылмыспен пара-пар

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, Астана мен өзге қалаларда ет өнімдерін нарыққа шығарудың санитарлық талаптарын күшейту керек, себебі ол өнімдердің сатылуына жол ашатын жалған анықтамалар берілетін болған. Дегенмен, қазіргі таңда мұндай ағаттыққа жол берген қызметкерлердің жұмысына қызметтік тергеу жүргізіліп, құқық қорғау органдарына анықталған деректер бойынша хат жолданған.

Осыған байланысты, Аcқар Мырзахметов ветеринария саласында ондай мамандарға орынның жоқтығын, сондай-ақ, қиғаш ісі дәлелденген жағдайда дереу жұмыстан шығару керектігін айтып өтті.

«Қызметтік тергеу жүргізілуде дейсіздер. Мынау деген қылмыспен пара-пар. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде мәселені қарастыра жатар. Бірақ, біз өз деңгейімізде мұндайға жол бермеуіміз керек. Еңбек шартында осындай әрекеттерге жауапкершілік көрсетілуі керек. Ветеринарияда мұндайға орын жоқ. Тез арада жағдайды түзеуді тапсырамын. Іс нәтижесі бойынша маған қосымша баяндаңыздар», – деді Асқар Мырзахметов.

Сондай-ақ, алқа отырысында вице-премьер баршаға мәлім деректерді ортаға сала бермей, өткір мәселелерді талқылауға шақырды. Тек сонда ғана жұмыс жемісті әрі нәтижелі болмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз