Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Вице-министр Қазақстанға көшірілетін Қытай зауыттарын „әйбәт„ дейді

Қалай болғанда да Қазақстанда таза технологиясы бар зауыттар ғана құрылады. Себебі, бізде елімізде салынуы мүмкін зауыттарға қатысты нақты стандарттар бекітілген. Кез келген жағдайда, әрбір жоба экологиялық сараптамамен қарастыралады, қоғамдық тыңдаулар жүргізіледі.

Осы ретте, Қазақстан аумағында салынатын әрбір өндіріс нысаны, яғни қытайлық, еуропалық немесе басқа елдердің зауыттары барлық параметрлерді келісу бойынша тиісті рәсімнен өтеді. Бұл тұрғыда еліміз үшін ешқандай қатер туындап отырған жоқ,-деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, жақын арада электр энегриясын өндіретін қуат көздерін жаңғырту есебінен энергия өндіру көлемі артпақ.

– Себебі, экономика дамып келеді, сондай-ақ Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл бағытта тиісті жетістіктер болатынына сенімдімін,-дейді сөзін түйіндеген  Ғани Сәдібеков.

Еске сала кетелік, Елбасының Қытайға сапары алдында Қазақстанға Қытайдың өндіріс күштері көшірілгелі жатқаны мәлім болды. Атап айтқанда, сомасы 26 млрд долларды құрайтын 51 жоба бойынша зауыт пен кәсіпорындар көшірілмек. Бұл жайт қоғамның қызу талқысына түсіп, мамандар Қытай ескірген зауыттарын бергелі жатыр, одан ұтқаннан ұтыларымыз көп болады десіп, сын айтқан. Әлеуметтік желіде оған жол бермеу туралы да үндеу тасталып, мәселе көтеріліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз