Венесуэлада ондаған мың адам президент Мадуроға қарсы наразылыққа шықты

21 просмотров

Венесулэла астанасы Каракаста бейсенбі күні жаппай наразылық акциясы болып өтті. Ереуілдеушілер президент Николас Мадуроның отставкаға кетуін талап етті.

Көшеге шыққан ондаған мың адам жыл аяғына дейін импичмент туралы референдум өткізуді талап етті. Оппозиция шеруімен бір уақытта, Каракаста билікті жақтаушылардың акциясы да ұйымдастырылды.

Венесуэла үкіметі оппозицияны мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Тамыздың басында билікті сынаушылар импичментті қолдаушылардың қолын жинауға талпынды, бірақ олар 4 миллион қолды жинай алған жоқ.

Мұнай бағасының құны түсіп кеткен соң, Венесуэла ауыр экономикалық дағдарысқа тап болды. Елде көптеген тауарлардың тапшылығы байқалады. Азық-түлік дүкендеріне ұзын-сонар кезек пайда болды.

Загрузка...