Венесуэла мен Парагвай арасындағы алыс-беріс пен барыс-келіс толықтай тоқтады.
Бұл туралы Парагвай сыртқы істер министрі мәлімдедідеп хабарлады ТАСС.
Бұған дейін елшісін шақыртып алған Парагвай билігі Венесуэланы Оңтүстік Америкадағы ортақ нарық құрып отырған одақтың төрағасы ретінде мойындамайтынын және олар өткізген кез келген жиынға қатыспайтындарын жеткізді.
Олардың пайымдауынша, Венесуэла бүгінгідей саяси және экономикалық дағдарыста отырып Оңтүстік Америкадағы ең ірі сауда және экономикалық одаққа төрағалық ете алмайды.