Вашингтон Сирия үшін Ресейге қарсы санкцияны кеңейтуі мүмкін

63 просмотров

АҚШ Мәскеудің Сириядағы әрекеті үшін Ресейге қарсы экономикалық санкцияны кеңейтуі мүмкін деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілі Джош Эрнест баспасөз мәслихаты кезінде.

«Әріптестеріміздің тығыз қарым-қатынасымен салынған қаржылық санкциясы әлемге өзіміздің мүддемізді көрсетуіміз үшін ықпалды шара екені дәлелденді. Демек, біз санкцияны күн тәртібінен алып тастамаймыз», — деп Эрнестің сөздеріне сілтеме жасайды Deutsche Welle басылымы. Ол соңғы кезде Сирияда Башар Асад пен Ресей әскерінің шабуылдарды жиілеткенін атап өтті.

Осының алдында 25 қыркүйекте БҰҰ-ның Сириядағы арнайы елшісі Стаффан де Мистура БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде, Алеппоға бөшке бомба, снарядтар және бетонды бомбалар лақтырылғанын айтты.

Мистураның сөздерінше, Сирияда соңғы алты жылға созылған соғыста өткен апта ең қанды апта болды. Ол Ресейді және АҚШ-ты қанды соғысты тоқтатуға шақырды.

5b11ca28-7629-471c-b452-5cbfa9a78293_w987_r1_s

 

Загрузка...