Украина Ресейден Роман Сущенконы тез арада босатуын талап етті

40 просмотров

Украина Қорғаныс министрлігі Барлау басқармасының басшысының мәлімдеуінше, Мәскеу тыңшы деп айыптаған журналист Роман Сущенко барлау қызметінде істемейді.

Бұған дейін Ресейдің Федералдық қызметі украиналық журналист Сущенконың қамалғаны туралы хабарлаған болатын. Ресейлік арнайы қызмет оған украиналық әскери қызмет үшін Мәскеуде мәлімет жинаумен айналысты деген күдік тағып отыр.

Қазір Сущенко тергеу абақтысында отыр. 1 қазанда сот оны екі айға қамау туралы үкім шығарды.

Адвокат Николай Полозовтың айтуынша, украиналық журналистің ұсталуын «кісі ұрлау» қылмысына жатқызуға болады.

Роман Сущенко «Укринформ» агенттігінің Ресей астанасындағы тілші болып істейді. «Укринформ» журналистің қамауға алынуын «арандатушылық» деп атады.

033eb561-3a65-446b-bacf-06183bb2e080_w987_r1_s

Загрузка...