Ұят болса да Украина евроны ұлттық валюта еткісі келеді

80 просмотров

Украина президенті Петр Порошенкоға Черногория секілді ұлттық валютаны евро ету ұсынылды. Бұл туралы Украина мемлекет басшысының ресми сайтына орналастырылған электронды петицияда кеңінен айтылады.

evro-v-rossii-obvalilsja-do-psihologicheskogo-minimuma

„Украина заңнамаларын 2-3 жылдың ішінде гривеннен евроға біртіндеп өтуге мүмкіндік беретіндей етіп қайта жасауды ұсынамын. Мәселен, Еуропалық одаққа енбеген Черногория секілді„ делінеді 2016 жылдың 10 мамырында Константин Пацалюк есімді азаматпен ұсынылған петицияда.

Ол мүмкін сол кезде халықтың жалақысы өсетін шығар деп үміттенеді. „Сонда шенеуніктер ұялатын шығар, евроға көшсек, онда Украинадағы ең төменгі жалақы 43 евро болып ап-анық көрініп тұрады„ — делінеді петицияда.

Загрузка...