Украина ақшасы төленген ұшақтарды Қазақстанға бермей отыр

99 просмотров

Украина уәдесінде тұрмады! Харьковтағы ұшақ жасау зауыты Қазақстанның тапсырысын екі жылдан бері орындамай жүр. Тіпті ұшақты бермегені былай тұрсын, Украина алдын-ала төленген қыруар қаржыны да қайтармай отыр.

Бұл туралы КТК хабарлады.

Ан-74Т ұшағын құрастыру үшін Харковь зауытына тапсырысты Ішкі Істер министрлігі берген. Украиндар жүк пен әскер тасымалдайтын бірнеше әуе техникасы үшін 9 миллиард 400 миллион теңге сұрапты.

Осы ұшақтарды қатты қалаған Ұлттық гвардия шаруаны шапшаңдату үшін бюджеттен 2 миллиард алып, алдын ала төлеп қойған. Айта кетейік, украиндар АН -74-тің тек біреуін 2013 жылы елімізге жеткізіп берген. Енді қалған бірнешеуінен ақшасын алып қойып, уәдесінде тұрмады.

Ресми Киев бұл әрекетін Мәскеумен арадағы байланыстардың тоқтатылғандығымен түсіндіріп отыр. Өйткені, Харьков зауытына керекті бөлшектер Ресейде ғана жасалады екен. Енді екі ортада Қазақстанның тапсырысы орындалмай, бюджеттің миллиардтары желге ұшқалы тұр. Ұлттық гвардия зауытты сотқа беріп, келісім-шартты бұзып қаржыны қайтармаққа бекінген.

Алайда Харьков соты еліміздің шағымын қанағаттандырмай тастады.

1361183079_an-74

Загрузка...