Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Учаскелік полицей “Уральская неделя” газетінен 3,5 миллион теңге өндіріп алды

Учаскелік полиция азаматтық шағымында редактор мен заңды тұлғадан 10 миллион теңге (шамамен 30 мың доллар) өндіріп беруін соттан сұраған. Арыз иесі “Майор Рақышев сияқтылар неден қорқады” деп аталатын редактор мақаласында жазылған дүниенің өзінің полиция қызметкері ретінде ар-ожданына кесірі тиді деп есептейді.

Тамара Еслямова бұл мақаласында 21 мамыр күні жер кодексіне өзгертулерге қарсы митинг кезінде журналистерді полиция ұстаған соң, Рақышев өзінен кешірім сұрағанын жазған. Бірақ полиция қызметкері кешірім сұрамағанын алға тартып отыр.

Тамара Еслямова сот шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым түсіретінін мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының “Уральская неделя” апталық газеті 2001 жылы құрылды. 15 жыл ішінде билік өкілдері газетке миллиондаған теңгелік талай шағым түсірген еді.

d19aa6b3-69cc-4299-ad65-58cdd40a194a_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз