“УАЗ-Патриот” жаңа көлігін РФ президенті Владимир Путинге таныстыру кезінде есікті ашпақ болған ресейлік генерал тұтқаны жұлып алды. Бұл ыңғайсыз жайт Сочидегі Ульяновск зауытында орын алған.
Осыдан-ақ ресейлік көліктердің қаншалықты осал екенін аңғаруға болатын секілді. Алайда зауыт басшылары мұны олқылық көріп отырған жоқ. Тіпті, есік тұтқасын мықтап бекіту де ойларына кіріп-шықпайтын көрінеді.
– Бұл ыңғайсыз жайт есіктің бұғатта тұрғандығына байланысты орын алды. Әрине, генерал Александр Шевченко мықты-ақ екен, оны айта кету керек. Біздің сынақтарымызда көлік есігінің тұтқасы 120 келі салмаққа төзімді болып шыққан еді. Сондықтан біздің еліміздің қауіпсіздігі осындай білектілердің қолында болғанына тек қуануымыз керек деп санаймын, – деген life.ru сайтына берген сұхбатында УАЗ шығаратын Sollers компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Тарасенко.
Сондай-ақ ол зауыттың „УАЗ-Патриот„ көлігі есігінің тұтқасына қандай да бір өзгеріс енгізбейтінін жеткізіпті.