Тыйым салынғанына қарамастан қазақстандықтардың 40 пайызы қыздырғыш шамды әлі пайдаланады

49 просмотров

Қазақстанда қыздырғыш шамды пайдаланғаны және сатқаны үшін айыппұл салатын болады. Бұл туралы ұлтттық экономика министрлігіндегі энерготиімділікті арттыру және энергияны сақтау басқармасының бас сарапшысы Жақсылық Тоқаев мәлімдеді.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ол  мұндай жауапкершілік шағын және орта бизнестің заңды тұлғаларына және ірі компанияларға арналғанын баса айтты.

— Егер заңды тұлғалар және жеке тұлғалар тарапынан қыздырғыш шамды пайдалануға немесе сатуға қатысты шағым түссе, біздің аумақтық департаменттеріміз тексеруге шығады. Қажет жағдайда әкімшілік айыппұлдар салынады. Әкімшілік кодексінде кәсіпкерлер үшін арнайы айыппұл көлемі анықталған. Айыппұл кәсіптің табысы мен штат санына байланысты өзгеріп отырады, — деді Тоқаев.

Оның айуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда энергоүнемдеуші өнімдердің тексерісі мен сертификат берілуімен айналысатын арнайы зертханаларды жабдықтау мәселесі жүріп жатыр.

25 Ватт-тан жоғары қыздырғыш лампаларын елімізде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бері пайдалануға тыйым салған еді. Энергияны үнемдеу туралы заң 2012 жылы қабылданды. Қазіргі уақытта энергоүнемдеуші лапмаларды жалпы нарықтың 60 пайызға жуығы пайдаланады.

Загрузка...