Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Туған қызын кепілге алған азамат тікұшақ пен 10 миллион доллар талап еткен

Мамыр айының басында “Құлагер” ықшамауданында қолында пышағы бар ер адам өзінің үш жасар қызын кепілге алып, пәтерінде құлыпталып алған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде, ол баласын „бесінші қабаттан тастап жіберемін„ деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Полицияға оның әйелі хабарласқан.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды құтқару бойынша арнайы операция жүргізді.

Қоқан-лоқы көрсетуші ер адаммен келіссөзге түскен полиция қызметкері:

“Оның көңілін өзіме қарату мақсатымен „екеуміздің ұлтымыз бір екен„, деп  ана тілінде сөйлей бастадым. Бұл қадамым нәтижелі де болды: біраз уақыт өткенде ер адам қолындағы пышағын маған беріп,  қызын босатты”, – дейді.

Ер адам дереу ұсталып, Жетісу аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Оған қатысты “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз