Трамп «радикалдық ислам» жөнінде арнайы комиссия құру қажет деп есептейді

20 просмотров

Республикалық партия үміткері Дональд Трамп Огайо штатында сыртқы саясат туралы сөз сөйледі. Сайлау қарсаңында Трамп АҚШ-қа көшіп келуге тыйым салынған елдер тізімін жасауға уәде берді.

АҚШ президенті сайлауында Республикалық партия атынан түсетін үміткер Дональд Трамп «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен күресте Ресеймен әріптестік орнатқысы келетінін мәлімдеді.

«Біз өзімізге дос таңдай алмаймыз, бірақ біз жауларды анықтағанда қателеспеуіміз керек», деді ол. Президенттікке республикалық үміткер жақтастарын радикалдық ислам топтарымен күресте «НАТО-мен тығыз қарым-қатынас орнататынына» сендіруге тырысты.

Трамптың мәлімдеуінше, президент болған жағдайда, ол ең бірінші кезекте «радикалдық ислам» жөнінде комиссия құруды көздеп отыр. Оның жоспары бойынша, Мемлекеттік департамент АҚШ-қа көшіп келуге тыйым салынған мемлекеттердің тізімін дайындауы тиіс.

Загрузка...