Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Тоңазытқыштан табылған екі баланы өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды (видео)

Сонымен қатар, балалардың анасынан жауап алынып жатыр екен, ол ер адаммен бірге ұсталған. Әйелге із-түссіз жоғалып кеткен адам ретінде іздеу жарияланған еді.

Ал полицейлер В. деген азаматшаның үлкен ұлы қайда екенін анықтап, оны тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізіпті.

Айта кетейік, мұның алдында тоңазытқышынан екі баланың мәйіті табылған пәтердің көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Балалардың денесі сөмкеге салынып, істен шыққан тоңазытқышқа салынған. Көршілерінің айтуынша, пәтерден бірнеше күн бойы жағымсыз иіс шыққан. Пәтер жалдамалы екен. Баспана иесі, кейбір мәліметтер бойынша, Шымкентте шаруаларымен жүрген. Сосын көршілер жалға беретін жауапты адамды шақыртып, есікті ашқан, сосын жағымсыз иіс шыққан тоңазытқышты ашып қалған. Онда сөмке болған. Көршілер онда мал еті екен деп ойлаған. Алайда онда матаға оралған балалардың мәйіті болып шыққан. Шошып қалған көршілер дереу полиция шақырған. Балалардың жасы әзірше белгісіз екен. Алайда көршілер бұл пәтерде кімнің тұрып келгенін білмейтінін айтып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз