Жапония астанасы Токиода магнитудасы 5,0 жер сілкінісі болды.
Бұл туралы Жапонияның метеорологиялық агенттігіне сілтеме жасаған Хабар телеарнасы хабарлап отыр.
Жер дүмпуінің ошағы Токионың оңтүстік бөлігінде тіркелген. Тереңдігі – 40 км. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Теміржол және Токиодағы Нарита мен Ханэда әуежайлары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.