Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Тоқтар Әубәкіров балаларымен қазақшаны қалай үйренді?

211

Басында мен де, Талғат та (Талғат Мұсабаев – авт.) қазақша дұрыс сөйлей алмайтынбыз. Амандасып, ары қарай өзге тілде шүлдірлей кететін едік. Кейін үлкен аға-апаларым сын айтты. Осыдан соң санама нықтадым. «Мен неге өз тілімде сайрап тұрмаймын, осы» дедім өзіме-өзім қамшы басып.

Ең бастысы – ниет қой. Өз тілімді үйрендім деп мақтанбай-ақ қояйын. Ұлдарым Ресейде өмірге келді. Олардың қазақы тәлім алуы үшін әрқилы әдістерге бардым. Әуелі, оларға қазақша ән-күйлерді тыңдатам. Әсіресе, кіші ұлымның қазақша ән тыңдағанда көзі жайнап кететін. Алғашында оларды қазақша тәрбиелеу қиынға соқты. Себебі,  өзім орысша ойлайтын едім.

Ата тәрбиесі – қазақылықтың қазығы. Мен мұны еш ойланбастан айтамын. Тіпті, керек десеңіз, аталарымыз ұрпақ тәрбиесін жоғары орынға қойып, өз перзенттерін ағайын-туыс, бір қауым ел болып тәрбиелеген емес пе?

Ата-әженің тәрбиесін алған баланың бойынан үлкен-кішіге деген құрмет, мейірім, имандылық, рухани тәрбиені ашық көруге болады.

Қала берді, қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына басып тәрбиелеген. Кейде тұңғыш бала кенже ұлының орнына атасының қарашаңырағына ие болып та жатады. Керемет қой, бұл!..

Менде намыс болмаса, өз Ана тілімді үйренбес едiм

Қазақты аштан өлтірмейтін, көштен қалдырмайтын тетік – намыс. Егер менде намыс болмаса, өз Ана тілімді үйренбес едiм.

Құпиямды айтайын:

мен тiлді қазақи ән-жыр арқылы үйрендiм. Кейiнгi жастарға айтарым, орысша да, ағылшын тiлiн де үйренсiн, бiрақ, ең бiрiншi қазақ тiлiн – өз ана тiлiңдi бiл. Қазақша үйренгiсi келмейтiн қазақтарды өздерiне-өзі қарсы адамдар деп санаймын.

«Маған қазақ тiлiнің керегі жоқ, орысша сөйлей беремiн» деген жұртты көп кездестiрдiм. Жарайды, өздерi солай-ақ iстесiн. Бiрақ, олар ата-бабаларын, түпқазығын өзгерте алмайды ғой. Бойдағы намыс – ұлттық болмыстың сақтаушысы. Ал оның астарында қаншама нәрсе жатыр”, – дейді Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров „Абай„ порталына берген жуырдағы сұхбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз