2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД ұйымына Ресей төрағалық етеді. Бұл шешім ТМД мемлекет басшыларының 16-17 қыркүйекте Бішкекте өткен саммитінде қабылданды.
Украинаның Қырғызстандағы елшісі Николай Дорошенконың мәлімдеуінше, Украина келесі жылы ТМД ұйымын Ресейдің басқарғанын қаламайды, өйткені Ресей Украина аумағының бір бөлігін аннексиялап алып, елдің шығысында әскери жанжалдың тууына ықпал етті.
Дорошенконың айтуынша, Украина 2020 жылы ТМД елдерінде халық санағы жүргізілуін құптайды, бірақ Ресей Украинаның аннексияланған аумағының халқын есепке алған жағдайда, Украина санақ нәтижесін мойындамайды.
Ресей президенті Владимир Путин оған жауап ретінде: “Қырым Ресейге түбек халқының қалауымен қосылды”, – деп мәлімдеді.