ТМД елдері ғарыш саласын бірігіп игеруге мүдделі

16 просмотров

Қазақстан ТМД елдеріндегі әріптестеріне ғарыштық навигациялық жүйелерді бірлесіп қолдануды ұсынады.

Бұл туралы Алматыда өткен ТМД елдерінің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған кездесуде мәлім болды деп хабарлады 24.kz.

Жиынға қатысқан қонақтар Алматы іргесіндегі «Жерден бақылау» резервтік орталығында болды. Алматы іргесінде 5 гектар аумақта КАЗСАТ-2 және КАЗСАТ-3 жасанды жерсеріктері басқаруға болатын қосалқы кешен салынған. Бұл орталық 1 ай сырттан электр қуатын пайдаланбай, дербес жұмыс істеуге мүмкіндігі жетеді. Ресей, Беларусия, Украина, Әзірбайжан мен Қырғызстанның қорғаныс және ғарыш өндірісі саласының өкілдері мен ғалымдары бүгін осы орталықтың жұмысымен танысты.

Бауыржан Құдабаев, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ төрағасының орынбасары:

— Бұған дейін біз резервті Ресей Федерациясының компанияларынан алғанбыз. Соған ақша төледік. Енді өзімізде резерв істелінгеннен кейін шетелге ақша төлемей, біздің жерден басқару кешенін қолданып жатырмыз.

Ғарыш саласын игеру мол қаржыны талап етеді. Ал өзінің ғарыштық бағдарламалырын жаңадан бастаған жекелеген елдер үшін ғарыш кеңістігін игеріп, дамыту оңай шаруа емес. Бұл орайда Қазақстанның тәжірибесі жеткілікті. Сондықтан ТМД елдерінің делегаттары Қазақстанның ғарыш кеңістігін игерудегі кеңесі мен көмегіне жүгінуді жөн санайды.

Борис Чернуха, ҰҒА директорының орынбасары /Беларусь/:

— Қазақстандық әріптестеріміз жерсеріктік байланыс бағытында бірнеше жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Ал біз жуырда ғана бастадық. Бізге Қазақстанның ғарышты игерудеге тәжірибесі қажет.

Алты елдің аэроғарыштық агенттіктері ғарышты зерттеудің ортақ институтын құру жөнінде келіссөздерді бастады. Бұл ұйым арқылы жер орбитасындағы техногендік ластануды қадағалап, аймақтардағы төтенше жағдайларды бақылауға мүмкіндік болады, — дейді мамандар.

Загрузка...