Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит дауға айналған жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
“Тищенкомен қайтадан жекпе-жекке шығуға болады. Ол мен үшін қызық болар еді. Жекпе-жекке шығып жүрген бар спортшы көшбасшылық қасиетке ие әрі бәріміз де үнемі жеңіске ұмтыламыз. Ал егер жеңіліп қалсаң, өзіңнің, ата-анаңның, жанкүйерлеріңнің алдында қайтадан өз-өзіңді ақтап алуға мүмкіндік туады. Әрине, қызық, бірақ жекпе-жектің болатыны немесе болмайтыны уақыттың еншісінде”, – деді ол.
“Қанша адам болса, сонша пікір болады. Мен оны жақсы түсінемін. Кім өз медалін бергісі келсін. Қалай ұтқаны маңызды емес, Олимпиадаға барғандардың барлығы жеңгісі келеді, қол жеткізгеніне қуанады. Сондықтан ол не үшін маған медалін беруі керек? Ол оның медалін, мен алмайтын да едім. Не қажеті бар? Маған күміс медаль берілді. Енді екінші медальді қайтемін?”, – дейді ол.
Боксшы кәсіпқой боксқа ауысу мәселесіне келгенде ойланатынын айтты.
Еске салайық, осыған дейін Олимпиадада қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегіне қатысты халықаралық дау туған еді. Қазылар жеңісті Тищенкоға берген кезде жанкүйерлер бұл шешімге наразылық білдіріп, ысқырған болатын. Желіде жекпе-жек қорытындысын қайта қарау туралы петиция да пайда болды.