Теміртауда жоғалған кәсіпкер Владимир Дашкевичті тапты, оны қасақана өлтірмекші болған адамдар ұсталды – деп
Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.
“Қазір оның аман-есен әрі сау екенін ғана айта аламыз. Жай-жапсарын дүйсенбіде хабарлаймыз. Ал кәсіпкерді ұрлап әкетіп, тапсырыс бойынша өлтірмекші болған адам ұсталды”, – деді Смайылов.
Қазір осы оқиға бойынша «Тапсырыспен адам ұрлау», «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, 4 шілдеге қараған түні Теміртауда жиһаз өндірумен айналысатын 34 жастағы кәсіпкер Владимир Дашкевич жоғалып кеткен еді. Теміртаулық кәсіпкердің қайда жоғалып кетуі мүмкін екенін оның туыстары атаған еді. Оны бизнесі бойынша бұрынғы серіктестері қорқытып жүрген екен.