Теміртаулық үйсіз-күйсіз қарттың Германиядағы қызы қазақстандықтардан көмек сұрайды

191 просмотров

Теміртауда үйсіз-күйсіз жүрген 61 жастағы Яков Нольдің Германиядағы қызы қазақстандықтардан әкесіне көмектесуді сұрайды.

«Новый Вестник» басылымындағы дерекке сүйенсек, Теміртауда 61 жастағы Яков Ноль ашық аспан астында түнеуге мәжбүр. Жергілікті полиция қарттың бұрын 125а кварталында тұрғанын айтады. Сондықтан ол осы мекенге қайтып келе береді.

Ақырында осы ауданның тұрғындары үйсіз-күйсіз қарттың жайын журналистерге хабарлаған. Содан бастап ол жоқ болып кеткен. Есесіне, оның қызы табылыпты.

35 жастағы Светлана Ноль қазір Мемминген қаласында тұрады екен. Ол әкесін соңғы рет 13 жасында көрген. Германияда әйелі мен қызын тастап, отағасы Теміртауға оралуды жөн көрген. Жырақтағы отбасы осы күнге дейін оның қал-жағдайы дұрыс деп ойлап келген екен.

— Маған таныстарым газеттегі суретті салып жіберіпті. Бұл – менің әкем. Оның осындай халге түсуі өте аянышты. Ол кезінде Германияда тіл үйренгісі келмеді. Екі жылдан соң көлік сатып алды да Қазақстанға қайтты. Онда оның пәтері болатын. Біз оған қоңырау шалып тұратынбыз. Бірақ ол бізбен ыждаһаттылықпен сөйлеспеуші еді, — дейді қызы.

Алайда ол Қазақстанға келе алмайтынын, әкесінің туысқарының айуандығы жүрегін ауыртатынын айтады.

— Қазір шешем екеуміз екі бөлек тұрамыз. Ол медбике боп жұмыс істейді. Мен екі жасар қызыммен үйдемін. Бір әлеуметтік жалақыға қарап отырмыз. Қазақстанға баратындай ақшамыз жоқ. Әкемнің мұндай күйге түсуіне себеп оның ағайын әпкесі мен тәтесі деп ойлаймын. Оларға әкем керек емес. Есесіне, пәтері қажет. Олар үйдің кілтін, құжатын алып алған. Енді әкемнің о дүниелік болғанын күтіп жүр. Сол кезде пәтер олардың атына өтеді. Оған бірдеңе қылып көмектесіңіздерші, — дейді Светлана Ноль.

Загрузка...