Теміртауда темекі тұқылын сөндірмей, ұйықтап қалған ер адам өртеніп кете жаздады

46 просмотров

Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының полицейлері 55 жастағы қала тұрғынын ажалдан құтқарып қалды.

Бұл туралы Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 қазан күні кешкі мерзімде кезекті қызметте жүрген полиция қызметкерлеріне Металлургов даңғылында орналасқан бір үйден өрт шыққандығы жайлы суыт хабар жетеді. Полиция қызметкерлері Есбенбетов Тілеужан, Әлібек Ахметов және тағылымдамашылар Владимир Казаков, Аян Меңлібаев кезекші бөлімге хабар беріп, өздері оқиға орнына аттанады. Қызыл жалынға оранып үлгерген үйдің терезесін сындырып ішке кірген полицейлер, төр бөлмеде ес-түссіз құлап жатқан үй иесін тауып, сыртқа алып шыққан.

Өрттің шығу себебі 55-жастағы үй иесінің темекі тұқылын сөндірмей ұйықтап қалуынан болғандығынан екені анықталды. Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының басшылық құрамы 55- жастағы қала тұрғыны Владимир Кравченконы ажалдан құтқарып қалғандығы үшін полиция қызметкерлерін марапатқа ұсынды.

Қарағанды облыстық ІІД ұсынған сурет: зардап шегуші

 

Қарағанды облыстық ІІД ұсынған сурет: құтқарушылар
Загрузка...