Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Теңіз сақшыларына алғашқы іріктеуден өткен 45 сарбаз әскери борышын өтеуге аттанды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Асхат Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі күні жас сарбаздар өзінің әскери борышын адал және лайықты атқаратын әскерлердің қатарына қосылғанын айтты.

– Сіздер Отан қорғаушысы болдыңыздар, бүгін өмірлеріңіздегі ержеткен сәттің бірінші кезеңі басталады ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады. Теңіз шекарашысының қызметі елімізге экономикалық, биологиялық шығын келтірмеу және Каспий теңізі айдынында шекараның бұзылуына жол бермеу үшін теңізге жиі шығулармен, кейбір кезде жағалаудан алыста 10 тәулікке дейін болумен ерекшеленеді.

Полковник Асхат Ахметов жас сарбаздардың туғандары мен жақындарына барлық жастар өз елінің нағыз патриоттары екенін, жеткілікті әскери білім, дағды жинап, болаттай шымыр, физикалық қуатты, нағыз ер азамат болатынына сендірді.

Бір жылдан соң осы жастар туғандары мен жақындарының сенімді тірегі болатындай ержетіп, туған өлкелеріне қайтып оралады.
Жас сарбаздар бір жылдық қызметте жауынгерлік және арнайы дайындықтан өтеді, тапсырылған қару-жарақты сауатты қолдануды үйренеді, Каспий теңізі айдынындағы ресурстарды күзетуге және браконьерлік іс-әрекеттің жолын кесуге арналған әртүрлі бірлескен операцияларға қатысады.

Шекара қызметінің қатарына үстіміздегі жылдың күзінде 3 мыңдай адамды шақыру жоспарланып отыр. Сондықтан бұл сарбаздардың ізін жалғастыратын жастар әлі де іріктелу үстінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз