Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Теңгенің құнсыздануы әдейі жасалды! Ұлттық банктің не ойлағаны бар?

255

Бұл туралы экономика маманы Қанат Нұров Facebook-тегі жеке парақшасында жазады.

Ұлттық банк аңқау халықты қалай тонады?

“ҚР Ұлттық банкі төрағасының соңғы мәлімдемесін еске алсақ, долларға шаққандағы теңге бағаманың құлдырауын абайсызда орын алған жайт деп атауға болады.

Яғни, бұл ақша нарығындағы ойыншылардың әрекетін дұрыс қадағаламай, Ұлттық банктің бір сәтке мүлгіп кеткені секілді.

Бірақ бұл абайсызда боп қалған жайттан келген экономикалық шығын өте зор, оны бағалап жату да қиын.

Теңгенің қатты құнсыздануын мұнайдың арзандауы ақтай алмайды. Мысалы, Ресей рублі теңгеге қарағанда, үш есе аз төмендеді.
Теңгенің дәл бұлай құлдырауы – мұнайдың бір баррелі 40 доллардан саудаланғанда ғана орын алуы керек еді.

Ұлттық банкке жаңадан келген басшы теңгені нығайту үшін базалық мөлшерлеме сыйақысын 14 пайызға дейін төмендетті, доллардан арылу саясатын да қолға алды. Бұл халықтың енді алаңдауына негіз жоқ екенін, экономика өсіміне жаңа бір мүмкіндіктің туғанын байқатуы керек болатын.

Шыны керек, белгілі бір деңгейде бұл саясат өз нәтижесін көрсетіп те үлгерді. Талай адам жинағын доллардан теңгеге ауыстырды.

Бірақ Ұлттық банк күтпеген жерден девальвация жасайды да, тағы да аңқау халықты тонайды.

Алаяқтыққа жол берілмеуі керек еді. Теңгені қайтадан нығайту, Ұлттық валюта бағамымен ойнауға ешкімге мүмкіндік бермеу арқылы теңгеге деген сенімді түзеуге болар еді. Алайда Ұлттық банктің монетарлық департаменті ресми өкілінің мәлімдемесі бүкіл үмітті жойып,

қазақ экономикасын о дүниеге аттандыра салғандай әсер қалдырды.

Сөйтсек, Ұлттық банк бәрін біліп, байқап отырыпты.

Теңге валюта ретінде құри бастады

Қазақ экономикасына өзінің доллар түріндегі салымын салатындар, кәсіпорындардың теңге түріндегі табысы мен депозиттері өткен девальвациядан келген шығынды жабады деуі бос сөз болып шықты. Олай ешқашан болмайды! Кәсіпорындар девальвация салдарынан банкротқа ұшырау қаупін алдын-ала болжай да алмайды, ондай қауіпті жою да мүмкін емес.

Кәсіпорынның теңге түріндегі айналымы тоқырап, артынан құнсызданған теңгемен инфляция да күшейеді, теңгемен несие беру қысқарады, ал теңге түріндегі депозит туралы ұмыта берген жөн.

Бұл – қазақтың тәуелсіз ұлттық валютасының қаржылық және несиелік әлеуетінің құри бастағаны

Ұлттық банк менің бұл жанайқайыма құлақ салып, ақылға келер деп үміттенемін. Анығы: теңге рубль бағамына байланған, ал рубль мұнай құны мен ғаламдық экономикадағы өзгерістерге “қарайлайды”.

Еркіне жіберілген ұлттық валюта бағамын себеп етіп, ақша нарығындағы ойыншыларға ойына келгенін істетіп қоятындай біздің елдің экономикасы соншалықты үлкен емес.

Егер нарықтағылар өз болжамы бойынша девальвация болды деп есептеп, бәрі долларға көшіп кетсе, онда девальвацияны кейінге шегерудің мән-мағынасы жоқ…

Егер біз нарықтағыларды алдайтын болсақ, онда елдігімізді жоғалтып аламыз. Ал

егер біз елімізді жоғалтсақ, онда жеке бастағы байлықтан түк пайда жоқ. Оны басқа мемлекеттер келіп тартып алады. Өйткені ондай байлықты заңсыз деп табады…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз