Теңге түріндегі салымдардың көбеюі ел экономикасын несиелендіру мүмкіндігін арттырады

27 просмотров

Бүгіндері банк тұтынушылары теңге түріндегі депозитті көп таңдайды. Ал теңге салымдарының өсуі экономиканы несиелендіру мүмкіндігін арттырады.

Бұл жөнінде бүгін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде хабарлады.

Ұлттық банк басшысының орынбасары теңге түріндегі салымдардың өскенін көрсететін статистиканы мысалға келтірді. Мәселен, депозиттер нарығында ұлттық валютадағы депозиттердің қаңтар мен сәуір айлары аралығында 30,7 пайызға немесе 1,5 триллион теңгеге өсті. Бұл ретте, шетел валютасындағы депозиттер сол кезеңде 10,5 пайызға немесе 1,2 триллион теңгеге (32,4 млрд АҚШ долларынан 30,1 млрд АҚШ долларына дейін немесе 2,3 млрд АҚШ долларына) төмендеген.

— 2016 жылы қаңтарда доллар түріндегі депозит 70 пайызды қамтыса, енді ол биылғы сәуірде 60 пайызға дейін, оның ішінде жеке тұлғалардікі 80 пайыздан 72 пайызға дейін және заңды тұлғалардікі 62 пайыздан 53 пайызға дейін төмендеді. Болашақта біз теңгедегі салымдардың өсу үрдісінің жалғасуын күтеміз, бұл экономиканы кредиттеуді кеңейту үшін алғышарттар жасайтын болады, — деп қорытындылады Алпысбай Ахметов.

Загрузка...