Тауда жоғалып кеткен екі адам табылды

94 просмотров

Алматыда тауда жоғалып кетті деп хабарланған Ильдар Галиев пен Татьяна Рыжова табылды.

Бұл жөнінде ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

— Біздің бөлімшеге ешқандай ресми хабарлама түскен жоқ, бірақ әлеуметтік желі пайдаланушыларынан жоғалған жастар туралы біліп, істі өз қолымызға алдық. Бүгін олардың достарының бірі Татьяна Рыжованың хабарласқанын айтты. Хабарламада Татьяна бәрі жақсы екенін, таудан түсіп келе жатқандарын жазған. Мен олардың екеуімен де сөйлесіп, алаңдап отырған әкелеріне хабарласуын өтіндім. Олар хабарласты, — деді ол.

Бұған дейін Ильдар Галиевтің әкесі Рамиль Галиев 5 тамыз күні тауға кеткен ұлы жолдас қызымен жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді.

Загрузка...