Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Татарстанның тәжірибесі қазақ түрмелеріндегі уаххабизм насихатын тоқтата ала ма?

Қазанда тұратын зерттеуші Раис Сүлейманов жазғандай, 2011 жылға дейін Татарстан мұсылмандарының діни басқармасының (Ресейдің басқа аймақтарындағы мүфтияттар сияқты) түзету мекемелерінде қамауда отырғандармен діни жұмыс жасаудың белгілі бір тұжырымдамасы болған жоқ.

Ол аз болса, 2002-2011 жылдарда Татарстан мұсылмандарының діни басқармасында түрмелермен жұмыс істеу жөніндегі бөлім құрылып, оны „түрме жиһадының„ идеологына айналған Марат Кудакаев басқарды. Өзі уаххабит болған ол

жиһадтың алдыңғы қатарында бұрын кісі өлтірген және қару ұстауға үйренген мұсылмандар басқаруы мүмкін, – деп ойлады.

Кудакаев түрмелерге кіруге заңды рұқсат алды, 2000 жылдардың ортасына қарай түзету мекемелерінде мешіттер, намаз оқитын бөлмелер пайда болды. Ол имамдыққа колония әкімшілігімен жақындығы жоқ («черные») жекелеген діни топтарға кіретін сотталушылар ғана болатын тәртіпті енгізді. Кудакаев тек 2011 жылы бұл қызметтен қуылып, ал бір жылдан кейін ол Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқарамасы оқу бөлімі бастығын өлтіру және ТР мүфтиін өлтіруге қастандық жасағаны туралы қылмыстық іс бойынша қамауға алынды.

2011 жылға дейін республика колонияларында

діни экстремистер діндарларды тек дәстүрлі исламды ұстанғаны үшін соққыға жығып, ата-баба дінінен бас тартып, уаххабизмді ұстануды талап еткен

Қазандағы №18 колонияда, тіпті, адамдарды исламның татарлар үшін дәстүрлі ханафиттік мазхабын ұстануға шақырған имамды соққыға жыққан.

Жаңа жолға бастаған жаңа мүфтий

d02e8f75_resizedScaled_817to547-e1469692014380

Ильдус Фаизов

Жағдай 2011 жылы өзгере бастады, ол кезде ТР мүфтиятының басшылығына Ильдус Фаизов келген еді. 2011 жылы Татарстан мұсылмандары діни басқармасы мен Жазаны өтеу жөніндегі федералдық қызмет басқармасы арасында әріптестік туралы келісімге қол қойылып, одан кейін Татарстан мүфтиятының құрылымында 3 қызметкерден тұратын Жазаны өтеу жөніндегі федералдық қызмет басқармасымен әрекеттесуді үйлестіретін бөлім құрылды.

Осы бөлімді басқарған Айрат-хазрат Зарипов бүгін Татарстанда 5 тергеу абақтысы мен 11 колония бар, олардың біреуі кәмелетке толмағандарға арналғанын айтады.

Татарстанда 15 имамға түрмелер мен колонияларға кіріп-шығуға ресми рұқсат берілген

Татарстанның түзету мекемелері колонияларының аумағындағы мешіттердегі діни әдебиетке көпке дейін бақылау болған жоқ. Соның салдарынан, исламнан жұбаныш іздеген сотталушылардың қолына көп ретте уаххабитік мазмұндағы кітаптар ілінді. Жаңа мүфтий келгеннен кейін мүфтият қызметкерлері колониялардағы бүкіл діни әдебиетті түгендеп-тексеруді қолға алды.

Колониялар мен түрмелердегі мешіттер мен намаз оқитын бөлмелердегі исламның татарлар үшін дәстүрлі ханафиттік мазхабына сәйкес келмейтін діни әдебиетің көзін жойды

Орыстар уаххабизмді қарақшылық жасау үшін ұстанады

Ресейдің ислам келісімі ассоциациясы Үлемдер кеңесінің төрағасы Фарид Салман

қамаудағы сотталған мұсылмандардың шамамен 1 пайызы ислам фундаментализмінің уаххабиттік нысанын немесе исламның шетелдік басқа ағымдарын ұстанатынын атап өтті.

Алайда олар жазасын өтеп жатқан басқа адамдарға қатты әсер етуі мүмкін.

— Бірақ шынайы өмірде түрмеде бір уаххабит отырады, ол жамағат құрады, сөйтіп исламның радикалдық ағымына ұлты орыс сотталушыларды тартады, нәтижесінде бостандыққа он уаххабит шығады, — дейді қалыптасқан ахуалды сипаттаған татар теологы. — Статистика бойынша, соңғы 12 жылда 440 түзету мекемесі тексерілген. Ол жақта қамауда отырған 94 пайыз «этникалық мұсылмандардың» (татарлар, башқұрттар, ингуштер, өзбектер, тәжіктер және басқалары) дін туралы ешқандай хабары болмаған, олар қарапайым атеистер. Олардың арасында дәстүрлі исламды ұстанушылар, шамамен 5 пайыз ғана.

Әдетте, исламды қабылдаған орыстар оның неғұрлым радикалды түрлерін таңдайды, сөйтіп, уаххабиттердің немесе исламның басқа радикалдық ағымдары жақтастарының қатарын толықтырады. «Орыс мұсылмандарының» көпшілігі радикалдық-исламшылардың қатарын толықтырып, исламды қарақшылық жасау және «билікті құлату үшін» қабылдайды.

Уаххабизмнің кең таралуының негізгі себебін түрмеге түскен орыстардың өздерінің рухани тамырынан қол үзіп, өз ата-баларының діні — христиандықпен таныс болмауынан іздеген жөн.

Мысал ретінде, 15 жылдық жазасын Волга жағалауында өтеген Тимур Әли Мажаевтың тағдырын келтіруге болады. Колонияға келісімен Мажаевты бірден қатаң жағдайда ұстайды. Алайда

көп ұзамай ол бірнеше мұсылманнан тұратын өз «жамағатын» ұйымдастырды, оның басты «шестёркалары», яғни, жандайшаптары татар жігіті мен өзі исламға кіргізген Оралдық спортшы болды

fcdd7323e9c69da05c0c1526f6dcc5b6-e1469692236379

Ресей түрмесіндегі мұсылмандардың құдайға құлшылық етуі

 

«Мусорлар» мен менттер емес, «мұртадтар»

Уаххабизм ілімі кешегі атеистерді қарақшылық өмір салтынан бас тартуға мәжбүрлемейді: кәсіпкерлер есебінен „братва„ үшін „салық„ жинау қазір „зекет„ (қайыр-садақа) жинау деп аталады. Кісі өлтіруді де оп-оңай ақтап алуға болады, өйткені кәпірді өлтіру — қалыпты жағдай, ал егер өлтірілген адам мұсылман болса, оның қаны халал деп жарияланады, яғни, оны төгуге рұқсат берілген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұрынғыдай «мусор» және «мент» емес, енді оларды «муртад» (исламға қызмет етпейтіндер) деп атайды

Ислам құндылықтары қылмыстық моральдан жоғары қойылған жағдайда уаххабиттер мен «блатнойлар» арасындағы қақтығыстар туындайды. Якутиядағы ЛИУ-5 колониясында солай болды, ол жерде орыс мұсылманы Сейфуллах (Лозин Андрей Вячеславович 1984 ж.т.) қылмыс әлемінің серкелерімен текетіреске барған.

«Бір топ блатной Сейфуллахқа наразылық білдіріп, “не исламды, не қылмыс әлемінің кодексін таңда” деген талап қояды. Орыс мұсылман ойланбастан Алланың діні – Ислам оған маңызды екенін және өзінің одан бас тартпайтынын айтқан. Ыза болған блатнойлар орыс мұсылманын “көзіңді құртамыз”, араша түскендерді аямаймыз деп қорқытқан», — деп хабарлайды радикалдық-исламдық «Голос ислама» интернет-порталы.

Одан кейін мынаны қосыпты:

«Қазір түрме жамағаты шашыраңқы. Сондықтан Ресей билігі түрмелер, зоналар мен лагерьлердің жамағатқа кіріп кетпеуі үшін алдын-ала жазалау шараларын қолдануда».

ik_tver_obl-1-e1469692360793

Қамаудағылардың имаммен кездесуі

Соңғы тұжырым исламистердің фразеологиясымен айтылса да, шындыққа жатады. Мемлекет исламның түрмедегі ортаға кіруіне мейілінше жол бермеуге тырысуы керек. Біздің ойымызша, діни фундаменталистер үшін тіпті арнайы колониялар құрған жөн.

«Дегенмен оқшалау шаралары мәселені түбегейлі шеше алмайды. Жазаны өтеу орындарындағы «этникалық мұсылмандар» арасында дәстүрлі ислам ханафиттік мазхабты, ал орыс соталғандар арасында — православ сенімін насихаттау керек. Ол үшін сарапшылардың айтуынша, түрме имамдары мен түрме священниктерінің институтын құру қажет. Сонда олар штаттық, яғни, тұрақты тұрғыда діни ағарту жұмысын жүргізетін болады», — дейді әңгімесін қорытындылаған Раис Сүлейманов.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз