Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Тасмағамбетов дау туғызған үштілділік мәселесін шешумен айналысады

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Бұл 9-шы премьер Бақытжан Сағынтаев жасақтаған 9-шы Министрлер кабинеті. Жаңа премьер үкімет мүшелерінің орынын аз-кем ауыстырып, тізімді Ақордаға жіберген.Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ ұстамай, ұсынысты бірден қолдапты. Сонымен,мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Сағынтаевқа Иманғали Тасмағамбетов көмектесетін болды. Бүгіннен бастап бұрынғы қорғаныс министрі  енді вице-премьер.

-Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрлігінде табысты жұмыс істеді. Тапсырмаларымды нақты, тыңғылықты орындады. Менің жарлығыммен енді премьер министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті де әдеттегідей абыроймен атқарады деп сенемін, деді жаңа вице-премьерді таныстыру сәтінде Нұрсұлтан Назарбаев.

Тасмағамбетов үшін бұл қызмет тансық емес. Ол бұған дейін де бірнеше рет премьердің орынбасары болды, тіпті Үкіметті басқары. Сондықтан Иманғали Нұрғалиұлы Министрлер кабинетімен жұмыс істеудің ішкі тәртібін жақсы біледі. 60 жастағы шенеунік соңғы екі жылдан бері Қорғаныс министрі болған соң жиі көріне бермейтін.

Енді вице-премьер ретінде білім, денсаулық сынды әлеуметтік салаға тікелей жауапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Дариға Назарбаева Сенат депутаты болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз