Ташкентте дәрігерлер мақтаға шығудан ақша төлеп құтылуда

41 просмотров

Тәшкенттегі Нейрохирургия ғылыми орталығының қызметкерлері биыл мақта теруге бармайды. Орталық дәрігерлерінің әрбірі 200.000 сумнан ($31) ақша беріп құтылуды шешкен.

«Бізде медициналық қызметкерлер жетіспейді, сырқаттар өте көп, оларды емдеуді кейінгі қалдыруға болмайды. Бәріміз ақша бердік. Тіптен айлықтары 350.000-400.000 сумнан аспайтын санитарлар да берді. Біз ақшаны жинап, аудандық әкімшілікке беру керек деп шештік. Әрі қарай онда біздің мүддемізді қорғайтын адам жоғары жақпен келіседі», – дейді орталық қызметкерлерінің бірі.

Оның айтуынша, мақта теруден босау үшін ешкім де қалтасынан ақша шығарғылары келмейді, бірақ олардың басқа амалдары жоқ. Дәрігерлердің сөздерін тыңдап жатқан ешкім жоқ. Тек олар бас тарту туралы айта бастағанда, қорқыту-үркіту әрекеттері басталады дейді.

Дәрігерлердің есебі бойынша, нейроорталықта жұмыс істейтіндер мақта теріміне бармау үшін 100 миллион сум ($15.600) төлеу керек екен. Жеке бизнесті есептемегенде өлке бойынша дәрігерлер сияқты мыңдаған жамағат бар.

Загрузка...