Ташкентте қатты жарылыс болды

27 просмотров

Ташкенттің Яккасарай ауданындағы тоқыма комбинаты жағынан гүрс-гүрс еткен жарылыстың қатты дауыстары естілді деп хабарлайды Regnum.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болған жерден 5 шақырым қашықтықтағы үйлердің терезелері сыңғырлап, есіктері сықырлап қоя берген. Ал жарылыстан кейін бұрқ еткен өрт алауы алыстан анық көрінген.

Ташкенттің жарылыс болған ауданында тұратындар жарылыс тоқыма комбинатының бір цехында орын алуы мүмкін деп топшылайды.

Загрузка...