Тараздағы атыс лаңкестік әрекет пе?

59 просмотров

19 маусымда Тараз қаласында тағы да мылтықтың үні естілді.  

Алдымен қаланың 6-шы ықшамауданындағы 18-үйдің тұрғындары эвакуацияланғаны белгілі болды. Артынша полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулер атысқан. Екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, – деп хабарлайды Abai.kz. 

Бұл оқиғадан кейін Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі 16.30-да «Борышкер» жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында полиция қызметкері қару-жарақ алып жүру деректерін анықтау бойынша тексеріс жүргізгені жөнінде ақпарат таратты.  Онда «Тараздың ықшамаудандарының бірінде белгісіз біреу анықталмаған қарумен полиция қызметкерін атқаны» хабарланған. Қылмыскерді құрықтау кезінде полиция қызметкері мен күдікті жарақат алған. Қазіргі уақытта екеуі де ауруханаға жатыр.

7d3b267364aef65afafcafc888d8537fҚазақстан ішкі істер министрлігі Таразда полиция қызметкері зардап шеккені туралы ақпаратты растады.

Осы бір қылмыс жайлы ақпарат тарай сала «мұны тағы да діни экстремизммен уланған ланкестер жасаған жоқ па?» деген әңгімелер айтыла бастады.

Полицияның мәліметінше, атыс кезінде жарақат алған жігіт бұрын сотты болған. ІІД Діни экстремизммен күрес жөніндегі басқарманың есебіндегі мәлімет бойынша, күдікті діни экстремист емес.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын  және оқиғаға қатысқандарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталатын болады», — деп хабарлады ІІД өкілдері.

Загрузка...