Таразда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі сотталды

55 просмотров

Таразда қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысқан бір топ жүргізушіден ай сайын заңсыз ақша жинап, оны қылмыстық топты қаржыландыруға жұмсаған қылмыстық топтың мүшесі құрықталды.

Тараздың №2 қалалық сотында „Сары Қайрат„ лақап атымен белгілі  К.Танбетовке қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабы 1,2- бөлімдері бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылы мамыр айының басында көпшілікке «Сары Қайрат» лақап атымен белгілі К.Танбетов қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшесі Тараз қаласында осы топтың белсенді мүшесі С.Солтыбековпен келісімге келген. Олар қалааралық жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан шамамен 30-50 жүргізушіден ақша жинап отырған.  Ай сайынғы табысы 100 мың теңгені құраған қаражат ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыруға бағытталды.

№2 Тараз  қалалық сотының үкімімен К.Танбетов ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабының 1 және 2 бөлімдері бойынша айыпты деп танылып, оны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Мүлкі тәркіленді.  Жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейтін болады.

Загрузка...