Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Тараз» фильмі 4 күнде 85 миллион теңге табыс тапқан

 Бұл турат КТК хабарлап отыр.

Шынайы өмірден алынған сценарий, сәтті іріктелген актерлер мен оператордың жоғары деңгейдегі шығармашылық жұмысы. Осының бәрі үйлесім тапқан «Тараз» драмасын көрермендер бірінші күннен-ақ жоғары бағалады. Қазір осы туынды көрсетіліп жатқан залдардан ине шаншар орын жоқ. Фильм прокатқа шыққалы көрермен саны бойынша кинотеатрларда көштің басында тұр.

Негізі, режиссер Нұртас Адамбай бұл туындыны түсіруге 400 мың доллар жұмсаған. Ал, фильмнің 4 күндік табысының өзі 250 мың доллардан асып отыр. Сондықтан, көрермен көзайымына айналып үлгерген криминалдық драманың өз-өзін емін-еркін ақтары сөзсіз.

«Бұл ойдан шығарылған оқиға емес. Фильмде тек шынайы өмірде болатын жағдайлар көрініс тапты. Ол сонысымен де қызық. Ешқандай артық кеткен тұсы жоқ. Кем түскен жерін де байқамадым», – дейді кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко.

Комедиялық туындыларымен танылған режиссердің жаңа фильмі әлеуметтік желілерде де қызу талқылануда. Көрген киносынан мін таппай қоймайтын сыншылардың өзі «Таразды» мойындады.

«Соңғы рет осындай жоғары сапалы туындыны қашан көргенім есімде жоқ. Бұл фильм біздің елдегі кино саласының дамуына жаңа жол ашты. Қазақ кинематографиясына осындай сапалы туындылар қажет!», – деп атап өтті актер, каскадер Ерден Телемісов.

Жұрт мақтаған «Тараз» Лос-Анджелесте өткен кинофестивальде төл туындымыз қос бірдей марапат алған. Ал елімізде 13 қазаннан бастап прокатқа шыққан болатын.

14734975431pniu

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз