Қызықты әрі пайдалы ақпарат тарататын қазақтілді Іkerim.kz сайты биыл 1-қазанда қазақстандық оқырмандарға жол тартады.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы ғаламтор пайдаланушылардың 52, 2 пайызы – әйелдер. Ал, оның 19,1 пайызы 25 пен 34 жастағылардың үлесіне тең (бұл Қазнеттің ең ірі буыны). Қазақстандағы «орташа» ғаламтор қолданушыларының дені 25 жастағы және одан жоғары екені белгілі.
Сайттағы «Біздің жігіттер» айдарында Қазақстан өнері саласында жүрген жігіттер жайлы ең қызықты ақпараттарды білуге болса, «Туған өлке» айдарында әр қазақтың туған жері туралы мағлұмат беріледі. Ал «Өмір-өзен» айдарында оқырмандар бөліскен жеке бастың жайы жарияланатын болады.
„Біз кері байланысты қолдаймыз, сол үшін де алдын ала оқырманнан хат алуға тиімді танымал әлеуметтік желілерде өз парақшамызды аштық. Мысалы, біздің тұрақты колумнистеріміздің бірі, отбасылық қарым-қатынасты құру, жақсы ана әрі әйел болу жөнінде кеңестерімен бөлісетін белсенді Instagram блогері, 6 баланың анасы – Құралай Ханым„ делінеді алдын ала таратылған насихат хабарламасында.
Ikerim.kz сайтының маңызды бағытының бірі – оқырман қауымына – әйелдер денсаулығына, ЭКО, жыныстық қатынасқа арналған ақпараттарды қолжетімді түрде ұсыну. Онда психологтармен, сексологтармен қазақ тіліндегі сұхбаттар жарияланбақ.