Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Танымал отандық актриса түсірілім кезінде аттан құлап қалды (фото)

133

«Менің қылышпен шайқасатын көріністерім бар. Оның барлығын Nomad каскадерлар тобы үйретті. Жаттығулар шілденің басынан басталып, екі апта бойы жалғасты. Небары 14 күннің ішінде атқа отырып, қолға қару алып, батырларша шайқасып үйрену керек болды», -дейді актриса.

Мұнымен қоймай, актриса барлық трюктарды өзі ойнағанын жеткізді. Соның арқасында ол аттан да құлап, жарақат та алған көрінеді. Жарақаттардан кейін Гүлнәз тіпті үш күн бойы бойы тұра алмай жатып қалған.

«Ат деген ойыншық емес екен. Одан басқа түсірілім жаздың ыстық күндері болды. Ал біздің үстімізде қабат-қабат киім, қолымызда ауыр қару-жарақ. Соның барымен не аттың үстінде шабасың, не шайқасасың, не болмаса екеуін де қатар жасайсың. Ол аз болғандай Іле жағасындағы шыбын-шіркей әбден мазамызды қашырды. Менің актерлік тәжірибемдегі ең қиын түсірілім осы шығар», – деп бөлісті әсерлерімен актриса.

Актрисаның хабарлауынша, аталған кинокартина тарихи болмақ. Себебі, ол Шоқан Уәлиханов және оның Қашқар еліне жасаған саяхаты жайында түсіріледі. Киноның сценариі 22 жастағы Шоқанның тыңшы ретінде Қашқарға барып қайтқан сапары бойынша өрбиді. Бұл тұста Гүлнәз Шоқан Уәлихановтың сүйіктісі – қыпшақ қызы Ажардың рөлін сомдайды. Танымал актриса түсірілім кезінде аттан құлап, жарақат алған. 

Безымянный

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз