Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Танымал асаба Асхат Тарғынды еркекше сөйлесуге шақырды

Асабаның айтуынша, Тарғынов қонақтар алдына тек сөз сөйлеушілерді билетіп, одан кейін үстелге екінші ыстық тамақты әкелген соң 15 минуттан соң барып шығуы керек болған.

“Мен осының бәрін айтып жатсам, ол мені кеудемнен итереді. Білесіз бе, қазақтарда ер адамдар бұлай жасамайды. Бірақ, мен оның бұл қылығын көтердім. Ол қоймай, маған намысыма тиетін сөз айтты. Мен не дегенін айтпай-ақ қояйын. Мен шыдамай оны ұрып жібердім. Мен оған өздері түсіндірсін деп ұйымдастырушыларға бара жатыр едім, ол маған артымнан тап берді”, – дейді Айбек.

Асабаның айтуынша төбелес мұнымен аяқталмаған. Олар жанжалды далаға барып жалғастырған.

“Өте қатты ұялып отырмын. Асхат та мен туралы неше түрлі ғайбат сөздер айтып, үстімнен арыз жазғысы келіп жүрген көрінеді. Бірақ бұл жерде ұрыс-керісті шығарған өзі”, – дейді асаба жігіт.

Ал Асхат Тарғынов болса, бұл жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Еске салсақ, танымал әнші Асхат Тарғынов тойда асаба Айбек Қоңырбаевпен төбелесіп, оны соққыға жыққан болатын. Біреулер бұл жанжалды видеоға жазып, желіге салған. Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдірді.

bezymyannyj

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз