Талдықорғанда биіктігі 92 метр алып ту тұғыры орнатылды. Бұл туралы 24kz хабарлайды.
Тудың ұзындығы – 25 метр, ені – 12,5 метр. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай осындай көлем арнайы таңдалған.
Алып туды орнату шарасына қатысқан Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров патриоттық рух беретін мемлекеттік нышандар әрдайым насихатталып, елдің көз алдында тәуелсіздігімізді мақтанышпен айшықтай беруі керек деп санайды.
– Бұл – біздің Тәуелсіздігіміздің туы. Бұл – біздің егемендігіміздің туы. Бұл – біздің шын махаббаттан жаралған халқымыздың туы. Бұл ту – бүкіл әлемге жайыла беретін ту. Сондықтан да бұдан артық ешнәрсе жоқ. Бұл туымызды қадірлей білуіміз керек, қастерлей білуіміз керек, – дейді ол.