Талдықорғанда үйлерді тонаған қылмыстық топ құрықталды

46 просмотров

Терезеден кіретін ұрылар 20 үйді тонап үлгерген.

Алматы облысында мүлікті тонау бойынша қылмыстың беті ашылды. Талдықорғанның тәртіп сақшылары бір топ үй ұрыларын ұстады деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, NewTimes.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл өңірде мүлікті тонау қылмысын ашуға тәртіп сақшылары жұмылдырылған. Соның арқасында Талдықорғанда Сарқанд пен Көксу ауылдарындағы үйді тонауға қатысы бар күдіктілер құрықталды.

20 үйді тонауға қатысы барлығы дәлелденген оның бірі — Алакөл ауданының 24 жастағы тұрғыны. Одан тәркіленіп алынған алтын әшекей бұйымдары мен компьютерлік техника куәлік зат ретінде қылмыстық істің құжатына тіркеуге алынды.

«Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды,яғни кезекті үй тонау кезінде. Олармен байланыстағы адамдар да анықталып жатыр. Яғни, ұрланған заттарды облыс орталығына апарып, өткізіп сататын делдалдар.Оларды үйді тонау кезінде терезе мен желдеткіштері пайдаланғаны анықталып отыр» делінеді хабарламада.

Белгілі болғандай, бұл екеуі осы өңірде осы жылдың қыркүйегінен бастап үйлерді тонап отырған. Бүгінгі таңда полиция қолында олардың Талдықорғандағы 12 қылмысқа, Көксу мен Сарқанд аудандарындағы 8 қылмысқа қатысы барлығын дәлелдейтін материалдар бар.

Загрузка...